Әр семестр сайын мыңдаған студенттер өмірлерін бірнеше чемоданға салып, ата-аналарын құшақтап, өз өмірлеріндегі ең үлкен алғашқы қадамын жасауға асығады. Бұл кезеңде ата-аналар алаңдамауы керек, өйткені бұл баласының ұйымдасқан, құрылымды және ең бастысы білікті ,білімді болып шығатын кезеңі. Бұл шытырман кезеңді ата-ана қасынан алшақта болатын «тәуелсіз» кезеңі деп атайды. Студенттер өз еліндегі жоғары оқу орындары секілді , сабаққа қатысады, жұмыс жазады және емтихандарға тыңғылықты дайындалатын болады.
Бірақ,шынына келгенде шет елде оқу, бұл әлдеқайда үлкен қадам.Бұл студенттің білім алу саласындағы үлкен тәжірибесі.Алайда өмір жолындағы үлкен сабақ аудитория ішінде емес ,оның айналасында болады.
Шет елде жүріп өз қажеттіліктеріне қол жеткізу үшін ,жергілікті дүкеншілер көмегіне жүгінуі,қала аралап жүріп жергілікті қоғамдық көлік қиындықтарын меңгеруі және өз бетінше шешім қабылдау, өзге ел мәдениетімен танысуы барлығы оның көкжиегінің дамуына алып келеді.Студенттер өзге ел мәдениетімен жаңаша түрде ,яғни сол мәдениет ішінде жүріп танысатын болады.
Студенттер елімізге оралғанда,олардың өмірге әлемге деген көзқарастары әлдеқайда өзгеріп,дамып келеді.Олар өз таңдауларын нақты жасай алатын,өздерінің өмірге және табыс табуға шабыттандыратын нақты бағыттарын таба алатын тұлға болып қалыптасады.Ата-ана қалауына сәйкес оқуда да, одан әрі жұмыста да, мансаптық өсуде де табысты болады.